«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында басталып, жалпыхалықтық экочелленджге айналды. Бүгінде бұл шараға Жалтыр орта мектебінің ұжымы да бірлесе атсалысып жатыр. Басты мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Еске салсақ, Республика бойынша жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Аталған акция шеңберінде өңірлерді абаттандыру, көгалдандыру, тұрғындарды тазалыққа шақырып, аулаларды көшелерді ретке келтіру, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын тазалау сияқты жалпы туған өлке табиғатына, қоршаған ортаға қамқорлық шаралары кеңінен атқарылады.
Осындай игі шараға барлық тұрғындарды белсене қатысуға шақырамыз! Тазалықтың өзімізден басталатынын ұмытпайық және әрқайсымыздың туған өлкеміздің гүденуіне үлес қосуымыз ортақ жауапкершіліктің үлгісі деп білеміз!





