2025 ЖЫЛ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖЫЛЫ ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ
🏫 Мектебімізде Жұмысшы мамандықтарының жылына орай бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. 7-сынып оқушылары ауданымыздың электрик маманы, мектебіміздің түлегі Солтанов Али Сұнғатоллаұлымен кездесіп, электрик мамандығы туралы ақпарат алды. Кездесу барысында өз жұмысындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, оқушыларға өз мамандығының қызықты тұстары мен қиындықтары жөнінде әңгімелеп берді.
✅️Мақсаты: жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамдағы маңызды рөлін түсіндіру,, еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттау.
#сынып_сағаттары
#жұмысшымамандықтаржылы
#тәрбиесағаты