📢 4-наурыз күні Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде "Мектепте өрт!" белгісі бойынша оқу-практикалық эвакуациялау жаттығулары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектепте өрт болған жағдайда қызметкерлер мен оқушылардың денсаулығы мен өмірі үшін мектептен тез және қауіпсіз эвакуациялауға дайындығын жан-жақты тексеру.
Дабыл соғыла салысымен оқушылар мен мұғалімдер мектеп ғимаратынан үрей мен әбігерсіз шықты. Шара барысында төтенше жағдай кезіндегі оқушылардың, мұғалімдердің және мектеп қызметкерлерінің іс-әрекеттері сәтті тәжірибеден өтті.
#біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_pvl #біртұтас_тәрбие_pvl_mai
#дабылжаттығуы