⚜️16 НАУРЫЗ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ⚜️
Мектебімізде «Өнегелі 15 минут» жобасы Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл жоба ата-ананың үлгі-өнегесін бала бойына сіңіруге бағытталған. Жобаның негізгі мақсаты
мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы арқылы оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу . 7-сынып оқушысы Есенбай Сағыныштың анасы шашты өріп жүрудің маңыздылығын түсіндіріп, барша қыздарды шаш өріп жүруді әдетке айналдыруға шақырады.
Бұл – тек сыртқы сұлулық қана емес, ұқыптылық пен талғамды насихаттау. Ақ бантик, шашбау тағу мен шаш өру – әр қыз баланың нәзіктігі мен тәрбиесінің айнасы.
⚜️«Өнегелі 15 минут» – болашақ ұрпаққа дұрыс бағыт берудің жарқын үлгісі!
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl_mai
#біртұтас_тәрбие_pvl
#өнегелі15минут
#nauryznama2025
#bilim_наурыз2025_pvl