⚜️18 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ ⚜️
«Ұлттың болмысын киімінен танисың» дейді дана халқымыз.
Бабалар аманатын арқалаған асыл мұрамыз – ұлттық киімдеріміз ғасырлар қойнауынан жеткен саф өнердің, талғам мен танымның жемісі. Әр оюы мен зерлі шапаны, бүрмелі көйлегі мен сәукелесі – ұлт рухын бейнелеген өрнек, тарихтың үнсіз шежіресі.
Бүгін – ата-бабамыздың асыл киімін ұлықтайтын күн!
Ұлттық киім киіп, ұлттың рухын сезініп, дәстүрге тағзым ететін – ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ!
Мектебімізде Наурызнама жоспары негізінде ұйымдастырылған ұлттық киімдерді дәріптеу мақсатында "Ұлттық киім күні" челленджі ұйымдастырылды.
ДӘСТҮРІҢДІ ДӘРІПТЕ, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫҢДЫ ҰМЫТПА!
#ҰлттықКиімКүні
#18Наурыз
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl_mai
#bilim_наурыз2025_pvl
#nauryznama2025