Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде жоспарға сәйкес “Қош келдің, Әз-Наурыз!” атты танымдық сағаттары өткізілді. Мақсаты – оқушыларға Наурыз мейрамының маңызын түсіндіріп, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, салт-дәстүрлерімізді насихаттау.
Тәрбие сағаты Наурыз мерекесінің тарихы жайлы қызықты ақпараттармен басталып, салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар бойынша қосымша мәліметтер айтылды. Сабақ барысында 8 сынып оқушылары Наурыз мейрамына қатысты сөзжұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер айтып, дәстүріміз жайлы өз ойларымен бөлісті.
Өткізген: Нурдильдинова А.М.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_mai
#nauryznama2025
#bilim_наурыз2025_pvl
#сынып_сағаттары