Skip to content

⚜️АРМЫСЫҢ ӘЗ-НАУРЫЗ!⚘️ 20 наурыз күні Май ауданы Жалтыр жалпы орта…

⚜️АРМЫСЫҢ ӘЗ-НАУРЫЗ!⚘️

20 наурыз күні Май ауданы Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде "Армысың, Әз-Наурыз" атты мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылып, Ұлыстың мерекесі тойланды.

⚜️Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі, сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

⚜️Мерекелік іс-шарада күмбірлеген күйлер, мың бұралған билер, сыңғырлаған әндерден шашу шашылып, ұлттық ойын "Теңге ілу" ойыны көрсетілді. Ауылымыздың "Береке" әжелер тобы сәбиді қырқынан шығару дәстүрін көрсетіп, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеді. Әр сынып Наурызкөже мен "Бауырсақ Party" ұйымдастырып, келген қонақтар дәм татты.

⚜️Шарамыз «Ұлттық киім – ұлттың байлығы» атты ұлттық киімдеріміздің көптүрлілігі мен ерекшелігін көрсету мақсатындағы сән шеруі дефиле шоуға ұласып, көрермендердің назарын өзіне аудартты. Мақсаты – халықтық киімдер мен ұлттық стильдердің бай мұрасын сақтау және оны болашақ ұрпаққа жеткізу.

Баршыңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!⚘️ Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Жаңа жыл жақсылық әкелсін!

#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_mai
#nauryznama2025
#bilim_наурыз2025_pvl

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *