Биыл бірінші сыныпқа қабылдау өтініші 1 сәуірден басталып 31 тамызына дейін жалғасады.
КР «Білім туралы» Заныңа сәйкес 1- сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады.
Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондык жүйесі арқылы, сондай – ақ қағаз нұсқасы 1 сәуірден – 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1)ата-ананың немесе занды өкілінің өтініші;
2) Nº065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және Nº052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3) өлшемі 3х4 сурет (2 дана)
Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда,
дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Құрметті ата-аналар! Құжаттарды ертерек тапсыруды қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
