Skip to content

8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ ⚘️⚘️⚘️ ⚘️Жалтыр жалпы орта…

8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ ⚘️⚘️⚘️

⚘️Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде Біртұтас тәрбие негізінде және 8 наурыз мерекесі қарсаңында "Ана көрген тон пішер" атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Мақсаты жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық қолтаңбасын, өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, мақтаныш ету. Ұлттық құндылықты дәріптеу, қол өнерді жаңғырту мақсатында STEM  жәрмеңкесі ұйымдастырылды. ⚘️"Мейірім" әжелер және аналар, жеңгелер қауымының бастамасымен ұйымдастырылған шарада мектебіміздің қыздарына жіпті ұршықпен иіру, кесте тігу, тоқыма тоқу, қол кеспе кесу, жайма жаю бойынша шеберлік сағаттары көрсетілді. ⚘️Шарада "Өнегелі 15 минут" аясында әжелеріміз бен жеңгелеріміз қыз бала тәрбиесіне байланысты тыйым сөздерді айтып, мағынасын ашып түсіндірді. Сонымен қатар, шарамыз концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Осындай іс-шаралар қыздарымыздың тәрбиесіне, болашағына үлгі-өнеге болып, қалыптасуына септігін тигізеді деп сенеміз.
@bilim_mai
@bilim_basqarmasy
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl_mai
#біртұтас_тәрбие_pvl
#өнегелі15минут

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *