7 наурыз күні мектебімізде көктемнің ең шуақты, ең мейірімге толы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай “Ана – өмірдің тірегі” атты мерекелік концерт өтті.
Іс-шараның ашылуында мектеп директоры Жаныгулова Анар Каиркеновна ұстаздарды, қыздарды, барша әйел қауымын көктемнің жарқын мерекесімен құттықтап, әйел адамның отбасындағы және қоғамдағы рөліне тоқталып, ізгі тілегін жеткізді. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, әсем әндер шырқап, мәнерлеп өлең оқып, күй тартып, би биледі. Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы ұстаздармен қызықты ойындар өткізді.
#8наурыз
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl_mai
#өзінөзібасқаруұйымы