Skip to content

5 КҮНДІК ОҚУ – ДАЛА ЖИЫНЫ Өскелең жас ұрпақтың болашағы…

5 КҮНДІК ОҚУ – ДАЛА ЖИЫНЫ

Өскелең жас ұрпақтың болашағы үшін патриоттық тәрбиенің маңызы зор. Білім алушылардың АӘД пәнінен алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе негізінде жетілдіріп, патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, жас сарбаздарды елжандылыққа, қырағылыққа, қиыншылыққа төтеп беруге тәрбиелеу мақсатында Щарбақты ауданында 10 сынып ер балаларына 5 күндік оқу-дала жиыны өткізілді.
🔰 Сабақ кестесіне сәйкес саптық дайындық алаңында “Әскери сәлемдесу”, “Саптан шығу және қайта сапқа тұру” сабақтары ұйымдастырылды. Әскери форманы сақтап, спорттық нормативтер мен таңертенгілік дене жаттығу жұмыстары жүргізілді.
2024-2025 оқу жылындағы қорғаныс спорттық сауықтыру лагерінде білім мен практиканы меңгере отырып, саптық дайындықта жоғары көрсеткіштерге ие болғаны үшін 10 сынып оқушысы Смағұл Ералы мадақтамамен марапатталды.
Жетекшісі: Амангельдинов А.Р
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!👏👏👏

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *