2025 жылдың 5 ақпан күні Жалтыр ЖОББМ құзырет орталығы жоспарына сәйкес «Ерекше білімді қажет ететін балаларға жағдай жасау және қолдау» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға ауданның бастауыш сынып мұғалімдері, педагог-ассистенттер, мектеп психологтері қатысты.
Семинардың спикері Жалтыр ОМ директор оқу ісі жөніндегі орынбасары Э.Е.Базылбаева «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жеке және бейімделген бағдарламаларды құрастыру» тақырыбында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктерін ескеру, инклюзивті білім беру бойынша нормативтік-құқықтық актілер мен бағдарламаларды құрастыру жолдарына назар аударды. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Жалтар ОМ педагог-ассистенті К.Б.Сулейменова өз жұмыстарында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жүргізіп жатқан жұмыстарына, оқушыларды қолдау бойынша жұмыстарына тоқталды. Семинарға қатысушылар оң пікірлерін білдіріп, қажетті ақпарат алғандары туралы кері байланыстарын берді. Семинар материалдары жұмыста пайдалану үшін мектептерге жіберілді.
