2025 жылдың 5 ақпан күні Жалтыр ЖОББМ құзырет орталығы жоспарына сәйкес «Кітапхана жұмысындағы замануи әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ауданның мектеп кітапханашылары қатысты.
Семинарда Жалтыр ЖОББМ мектебінің мектеп кітапханашысы Ш. Алдангорова “Мектеп кітапханашысының жұмысын ұйымдастыру” кітапхана қорын қалыптастырудың мақсаттары мен әдістері туралы, оның құрамы мен пайдаланылуын зерттеу туралы, кітапхана қорын есепке алу мен есептік құжаттармен жұмысты ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлді. Семинарда “Кітапхана жұмысындағы замануи әдіс-тәсілдерді тиімділігі”тақырыбында кітапханашыларға ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін туралы тәжіриесімен бөлісті.
Wordwall,Jeopardylabs,qr-код қосымшаларынның тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетті.
Білім беру бөлімінің әдістеме кабинетінің әдіскері Г. Бейсекеева “Электрондық кітапхана платформасын тиімді басқару және мазмұнмен толтыру” электронды ресурстарды пайдалану туралы ақпарат берді. Білім беру бағдарламаларына сәйкес оқыту пәндері бойынша әдебиеттерді, электронды ресурстарды іздеу, тізім жасау, толықмәтінді оқулықтарды көшіріп алу жолдарын онлайн түрінде көрсетті.
Бүгінгі семинарымыз өзінің бастапқы мақсатына жете алды деп қорытындылай келе, жиналған кітапхана ісі мамандарымен мол тәжірибе алмасу болды деп есептейміз.
