2025 жылдың 5 ақпан күні Жалтыр ЖОББМ құзырет орталығы жоспарына сәйкес «Ерекше білімді қажет ететін балаларға жағдай жасау және қолдау» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға ауданның бастауыш сынып мұғалімдері, педагог-ассистенттер, мектеп психологтері қатысты.
Жалтыр ОМ психологі А.М.Сламбекова мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы мен оқушылармен жүргізіліп жатқан әдістері мен тәсілдері туралы айтты. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық сүйемелдеу бойынша материалдармен таныстырды.
