2025 жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Бұл – елдің дамуы мен өркендеуінде еңбегі ерен жұмысшы мамандардың үлесін бағалап, қолдау білдіретін ерекше жыл.
Осыған орай, 2024 жылдың 31 желтоқсанында техникалық персоналға құрмет көрсету мақсатында салтанатты жиын ұйымдастырылып, олардың адал еңбегі аталып өтілді.
Техникалық қызметкерлер – біздің қоғамның іргетасы. Олар күнделікті өміріміздің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, қоғамымыздың өркендеуіне зор үлес қосуда. Олардың адал еңбегі мен жауапкершілігі баршаға үлгі.
Мектебіміздің техникалық қызметкерлерін марапатталды.

