16 маусым күні М.М Катаев атындағы оқушылар сарайының базасында жол қозғалысының жас инспекторларының облыстық слеті өтті.
“Жас жол инспекторлары” — бұл балалар мен жасөспірімдерден құралған ұйым немесе топ, олардың мақсаты – жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігіне қоғам назарын аудару.
🎯Негізгі мақсаты:
– Балалар мен жасөспірімдердің арасында жол қозғалысы ережелерін насихаттау.
– Жолда өзін қауіпсіз ұстау дағдыларын үйрету.
– Мектеп оқушыларына жол қозғалысы туралы білім беру.
– Жол полициясымен бірлесе отырып профилактикалық шараларға қатысу.
Слетке 13 команда қатысты. Жас инспекторлар жол қозғалысы ережелерін білу,төтенше жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету, сап түзеу және көшеде қауіпсіздік сақтау бойынша өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті.
Слет қорытындысы бойынша Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің “Zhaltyr light” командасы Алғыс хат және 6-сынып оқушысы Бакауов Нурсат “Жол қозғалысының жас инспекторы” облыстық слетінің “Ең жас қатысушы” Дипломымен марапатталды. Оқушыларымызды құттықтаймыз!
Жетекшісі аға тәлімгер А.М.Сламбекова
