Skip to content

12 СӘУІР – ҒЫЛЫМ КҮНІ 🕵 Май ауданы Жалтыр жалпы…

12 СӘУІР – ҒЫЛЫМ КҮНІ 🕵

Май ауданы Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде Ғылым және Ғарышкерлер күні аталып өтілді. Бұл күн ғылым күні деп кездейсоқ таңдалмады, дәл осы күні көрнекті ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келді. Ұлы ғалымның бүгінде қазақстандық ғылымды дамытатын көптеген ізбасарлары бар. Біз өз ісіне берілген және ғылымның дамуына үлкен үлес қосатын ғалымдарымызды мақтан тұтамыз.
Мектепте ғылым күнін өткізу-оқушылар үшін ғылым және технология әлемімен танысуға тамаша мүмкіндік. Осы орайда «Ғылым – ғажайып әлем» атты іс-шара өткізілді. Қызықты химиялық және физикалық тәжірибелік зертханалар STEM жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Тақырыпқа сай сурет және макеттер көрмесі ұйымдастырылып, ең үздік жұмыстар марапатқа ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *